Кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары мен Арал аудандық мәслихаттың шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 52-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі № 211 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 854 қаулысына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары мен Арал аудандық мәслихатының шешімдеріне қосымшасына сәйкес тізбе бойынша өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулысы мен Арал аудандық мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының әкімі А.Оңғарбаев

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б.Турахметов

  Арал ауданы әкімдігінің
  2024 жылғы "11" сәуірдегі № 52-қ
  бірлескен қаулысына және
  Арал аудандық мәслихатының
  2024 жылғы "11" сәуірдегі
  № 211 шешіміне қосымша

Өзгерістер енгізілген кейбір бірлескен Арал ауданы әкімдігінің қаулылары және Арал аудандық мәслихатының шешімдерінің тізбесі

      1. "Арал қаласындағы "Южная" көшесін Мәлік Сәрсеновтың есімімен қайта атау туралы" Арал аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 05 қарашадағы № 451-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 қарашадағы №194 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4814 болып тіркелген) кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысымен бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасына" деген сөздер;

      2. "Арал қаласының көшелері мен тұйығын қайта атау туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 шілдедегі №183-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі № 237 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5077 болып тіркелген) кіріспе бөлігінен;

      3. "Арал қаласының көшесіне атау беру туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 қыркүйектегі N 247-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 30 қыркүйектегі № 248 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5212 болып тіркелген)кіріспе бөлігінен;

      4. "Арал қаласының көшелері мен тұйығын қайта атау туралы" Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы №8-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 қаңтардағы № 282 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5362 болып тіркелген) кіріспе бөлігінен "Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 138 қаулысына" деген сөздер алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады