Арал қаласының көшелері мен тұйығын қайта атау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 03 шілдедегі N 183-қ қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2015 жылғы 03 шілдедегі N 237 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 30 шілдеде N 5077 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына және Қызылорда облыстық ономастикалық комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 және 2015 жылғы 6 мамырдағы № 1 қорытындыларына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Ескерту. Кіріспе бөлігіне өзгерістер енгізілді - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 11.04.2024 № 52-қ бірлескен қаулысы және Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 11.04.2024 № 211 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Арал қаласының келесі көшелері мен тұйығы:
      1) Ленинград көшесін Алданыш Халықұловтың есімімен;
      2) Мостовая көшесін Әбдіқазы Баймырзаевтың есімімен;
      3) Д.Менделеев көшесін Қайберен Каденовтың есімімен;
      4) Б.Белинский көшесін Бержан Төремұратовтың есімімен;
      5) А.Пушкин тұйығы Ғани Шектібаевтың есімімен қайта аталсын.
      Осы қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданының Арал аудандық мәслихаттың
      әкімі кезекті отыз сегізінші сессиясының
      төрағасы
      А.С.Мұхимов Ж.Жалғасбеков
      Арал аудандық мәслихатының
      хатшысы
      К.Данабай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады