Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
“Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 276 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10-6-194 болып тіркелген, 2011 жылы 8 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
“2. “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.”.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |