"Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 276 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 124 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 02 шілдеде № 5039 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      “Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 276 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10-6-194 болып тіркелген, 2011 жылы 8 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      “2. “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.”.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі Т.Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады