“Нормативтік құқықтық актілер туралы” Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Жалағаш ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т.Дүйсебаев |
Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы №63 қаулысына қосымша |
Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. “Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі № 276 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-194 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).
2. “Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 1 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10-6-203 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 ақпанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).
3. “Жалағаш ауданы әкімдігінің қаулысына 2012 жылғы 10 қаңтардағы №1 “Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 331 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4322 болып тіркелген, 2012 жылғы 20 қазанда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).
4. “Жалағаш ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 232 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4729 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 шілдеде “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
5. “Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 2 қыркүйектегі №276 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 124 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5039 болып тіркелген, 2015 жылғы 8 шілдеде “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).
6. “Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы №1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 125 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5040 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 шілдеде “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған).