Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 23.06.2014 N 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
“Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 17.06.2015 № 124 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Дәрібаевқа жүктелсін.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен сәтінен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Б. Қаюпов |