"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда № 4367 болып тіркелген, 2012 жылы 27 желтоқсанда "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешім қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың кезекті | Аудандық мәслихаттың |
ХХХХ сессиясының төрағасы | хатшысы |
А. Камалатдин __________ | Б. Маншарипов___________ |