"Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы № 86 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 297 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 сәуірде № 4956 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.07.2015 № 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 21 қарашадағы кезектен тыс Х сессиясының № 86 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 13 желтоқсанда № 4367 болып тіркелген, 2012 жылы 27 желтоқсанда "Тіршілік тынысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешім қосымшасының 2-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың кезекті Аудандық мәслихаттың
      ХХХХ сессиясының төрағасы хатшысы
      А. Камалатдин __________ Б. Маншарипов___________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады