Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 86 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 желтоқсанда N 4367 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 шілдедегі N 325 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 28.07.2015 N 325 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, сондай-ақ "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Сырдария аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің Қағидасын бекіту туралы" N 358 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2011 жылғы 08 желтоқсанда N 10-8-158 болып тіркелген, "Тіршілік тынысы" газетінің 2011 жылғы 10 желтоқсандағы N 102 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс Х сессиясының төрағасы Ш. Зетов
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Маншарипов

  Сырдария аудандық мәслихатының
2012 жылғы "21" қарашадағы
кезектен тыс Х сессиясының
N 86 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне"сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 2-тармағында көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 15 пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы мәслихатының 27.03.2015 N 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы мәслихатының 21.02.2014 N 204 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 01.01.2014 бастап пайда болған қатынастарға таралады).
      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтінішпен жүгінеді және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсету мөлшерi

      6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормаларына сәйкес жүргізіледі:
      1) электр қуатын пайдалану нормалары 1 айға:
      1 адамға – 70 киловатт;
      2 адамға – 140 киловатт;
      3 және одан да көп адамға –210 киловатт;
      2) газ пайдалану нормалары 1 айға:
      4 адамға дейін – 10 килограмм;
      4 және одан да көп адамға –20 килограмм;
      3) отын пайдалану от жағу маусымына:
      3 адамға дейін айына - 0,5 тонна;
      3 және одан көп адамға айына - 1 тонна;
      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      5) жылумен жабдықтау ай сайын:
      1 адамға – 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін – 31 шаршы метр;
      6) коммуналдық қызметтерді пайдалану төлемінің нормалары мен тарифтерін қызмет көрсететіндер ұсынады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 26.12.2014 N 267 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады