Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 05.02.2019 № 32/267 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 3/25 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 3/25 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж.Оразбайұлы |
Аудандық мәслихат хатшысы | А.Ұлұқбанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Бейнеу аудандық тұрғын
үй - коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекеме басшысының міндетін атқарушы
Т.Т.Нұрмағанбетов
28 желтоқсан 2015 жыл
Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 38/273 шешіміне қосымша |
Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 3/25 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с | Нысан | Есептік бірлік | Құны, теңге |
1. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі | 1 текше метр | 1276,79 |
2. | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі | 1 текше метр | 3028,94 |