Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/267 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 8 ақпанда № 3820 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы № 56/454 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 02.12.2020 № 56/454 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19 - 1 бабының 2) тармақшасына, 20 – 1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2929 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 қаңтарда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) және Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы №3/25 "Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3112 болып тіркелген, 2016 жылғы 9 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ж.Оспанов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ш.Азанов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

  Бейнеу аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 5 ақпандағы №32/267
  шешіміне қосымша

Бейнеу ауылы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Атауы

Есептік бірлік

Баға, теңгемен (ҚҚС жоқ)

1.

Жайлы үйлерде тұратын тұрғындар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі

1 адам/ айына

258,07 теңге

2.

Жайсыз үйлерде тұратын тұрғындар үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету және көму тарифі

1 адам/ айына

284,14 теңге

1 м³

1564 теңге

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратып жазылуы:

      м³ - текше метр;

      ҚҚС – қосылған құн салығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады