Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 38/273 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда № 2929 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/267 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 05.02.2019 № 32/267 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 3/25 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 3/25 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж.Оразбайұлы
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық тұрғын

      үй - коммуналдық шаруашылық,

      жолаушылар көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекеме басшысының міндетін атқарушы

      Т.Т.Нұрмағанбетов

      28 желтоқсан 2015 жыл

  Бейнеу аудандық мәслихатының
2015 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 38/273 шешіміне қосымша

Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 23.06.2016 № 3/25 шешімімен(жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Нысан

Есептік бірлік

Құны, теңге

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі

1 текше метр

1276,79

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі

1 текше метр

3028,94


Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Бейнеускому району

Решение Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 28 декабря 2015 года № 38/273. Зарегистрировано Департаментом юстиции Мангистауской области от 31 декабря 2015 года № 2929. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 5 февраля 2019 года № 32/267

      Сноска. Утратило силу решением Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 05.02.2019 № 32/267 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23.06.2016 № 3/25(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, пунктом 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Бейнеуский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить тарифы на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Бейнеускому району согласно приложению к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23.06.2016 № 3/25(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Аппарат Бейнеуского районного маслихата" (Б.Туйешиев) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-прававой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.

      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Ж.Оразайулы
      Секретарь районного
      маслихата А.Улукбанов

      "СОГЛАСОВАНО"

      Исполняющий обязанности

      руководителя государственного

      учреждения "Бейнеуский районный

      отдел жилищно-коммунального

      хозяйства, пассажирского

      транспорта и автомобильных дорог"

      Т.Т.Нурмаганбетов

      28 декабря 2015 год

  Приложение
к решению Бейнеуского районного
маслихата от 28 декабря 2015 года
№ 38/273

Тарифы на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов по Бейнеускому району

      Сноска. Приложение 1 - в редакции решения Бейнеуского районного маслихата Мангистауской области от 23.06.2016 № 3/25(вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

п/п

Объект

Расчетная единица

Стоимость, тенге

1.

Тариф на захоронение и утилизацию твердых бытовых отходов

1 кубический метр

1276,79

2.

Тариф на сбор и вывоз твердых бытовых отходов

1 кубический метр

3028,94