Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы № 3/25 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 04 тамызда № 3112 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2019 жылғы 5 ақпандағы № 32/267 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 05.02.2019 № 32/267 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №10-11-112 ақпараттық хатының негізінде, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №38/273 "Бейнеу ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2929 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің тақырыбы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы";

      2) 1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімінің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      3) көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б.Досов
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Бейнеу аудандық тұрғын үй – коммуналдық

      шаруашылық, жолаушылар көлігі және

      автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекеме басшысының міндетін атқарушы

      Т.Нұрмағанбетов

      "23" маусым 2016 жыл

  Бейнеу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 маусымдағы №3/25 шешіміне қосымша

Бейнеу ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

Р/с

Нысан

Есептік бірлік

Құны, теңге

1.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму және кәдеге жарату тарифі

1 текше метр

1276,79

2.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және әкету тарифі

1 текше метр

3028,94


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады