РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы" 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына және "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 187 "Маңғыстау облысының жергілікті басқару құрылымы туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 11 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мұнайлы аудандық заматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130006, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимараты.
2. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 30.04.2020 № 117-қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. "Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Б. Біләлов):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
4. "Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ш.Сұңғат) коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне тиісті толықтыру енгізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Біләловке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Е. Әбілов |
Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпан № 34-қ қаулысымен бекітілген |
"Мұнайлы аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І
Ескерту. Ереженің күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы әкімдігінің 30.04.2020 № 117 қ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.