Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 238-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық бюджет қаражаты есебiнен азаматтық қызметшi болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің айлықақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкалар белгiленсін.
2. Қостанай облыстық мәслихатының кейбір шешiмдерi күшi жойылды деп танылсын:
Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшiлерiне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды белгiлеу туралы" шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3668 тiркелген, 2009 жылғы 18 ақпанда "Қостанай таңы" газетiнде жарияланған);
Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 201 "Мәслихаттың 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшiлерiне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтiк ставкаларды белгiлеу туралы" шешiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4247 тiркелген, 2013 жылғы 23 қазанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған).
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрайымы | А. Сапарова |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
КЕЛІСІЛДІ
"Қостанай облысы әкімдігінің
білім басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Ә. Төртқараева
2015 жылғы 31.07
"Қостанай облысы әкімдігінің
денсаулық сақтау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________ О. Бекмағамбетов
2015 жылғы 31.07
"Қостанай облысы әкімдігінің
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________ Е. Жаулыбаев
2015 жылғы 31.07
"Қостанай облысы әкімдігінің
мәдениет басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Л. Сероус
2015 жылғы 31.07
"Қостанай облысы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Е. Спанов
2015 жылғы 31.07