Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.03.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексi 139-бабының 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандарға қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 12.03.2021 № 19 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 422 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешiмiнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5850 тiркелген, 2015 жылғы 12 қыркүйекте "Костанайские новости" газетiнде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
Қостанай облыстық мәслихатының 2016 жылғы 5 қаңтардағы № 486 "Азаматтық қызметшiлер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру және мәдениет саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелерді белгiлеу туралы" шешiмі жойылын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессия төрағасы | И. Вечтейн |
Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы |
С. Ещанов |
"Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы
______________ К. Ибрагимов
2016 жылғы 17.02
"Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық
сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________ Г. Байжуманова
2016 жылғы 17.02
"Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы" мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
______________ А. Хусаинова
2016 жылғы 17.02
"Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Л. Сероус
2016 жылғы 17.02
"Қостанай облысы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы
________________ А. Бекбаева
2016 жылғы 17.02