Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 12 ақпанда № 3668 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 422 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 422 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 09.10.2013 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 238-бабының 2-тармағын орындау мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
       1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметін осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы мәслихатының 09.10.2013 № 201 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Кезектен тыс
      сессияның төрағасы                         Н. Алашбаев

      Қостанай облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Ғ. Сағиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады