Мәслихаттың 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы мәслихатының 2013 жылғы 9 қазандағы № 201 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 қазанда № 4247 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 422 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы мәслихатының 31.07.2015 № 422 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі Конституциялық Заңының 1-бабы 11-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қостанай облыстық мәслихатының 2009 жылғы 12 қаңтардағы № 158 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт азаматтық қызметшілеріне жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3668 тіркелген, 2009 жылғы 18 ақпанда "Қостанай Таңы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
      "Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы";
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласының азаматтық қызметшілеріне облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшілердің жалақыларымен және ставкаларымен салыстырғанда жиырма бес процентке жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкалар белгіленсін.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Жалгасов

      Қостанай облыстық
      мәслихаты хатшысының
      міндетін атқарушы                          К. Джаманбалин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай облысы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      _________________ Г. Кисленкова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады