"Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 389 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 қазанда № 5925 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 ақпандағы № 75 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 16.02.2017 № 75 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 389 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыс аумағында тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволық бағынысты ұйымы бар:
      Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының "Тілдерді оқытудың облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Гогол көшесі, 75 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жібереледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыру, мемлекеттік тіл мен облыста тұратын этностық топтардың тілдерінің серпінді дамуы.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік және біріктіруші функцияларын кеңейту;
      2) Қазақстан халқының тілдерін дамыту және сақтау;
      3) шетелде тұратын отандастарымызбен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту;
      4) мемлекеттік тіл саясатын іске асыруда азаматтық қоғам институттарының қатысуын кеңейту.
      16. Функциялары:
      1) Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының "Тілдерді оқытудың облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын басқару функцияларын жүзеге асыру;
      2) облыс аумағында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының орындалуына жәрдемдесуді жүзеге асыру;
      3) облыс әкімі және әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыры мәселелері жөніндегі актілерінің жобаларын әзірлеуге, сондай-ақ облыс бюджетінің "Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығын
      іске асыруды қаржылай қамтамасыз ету бөлігін дайындауға қатысу;
      4) "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңының іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен және өзге де ұйымдармен өзара әрекет жасау;
      5) жүргізіліп отырған мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
      6) "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелер бойынша ақпараттық-талдамалы материалдар мен құжаттар әзірлеу;
      7) әр түрлі жастағы тұрғындар тобына мемлекеттік тіл мен басқа да тілдерге оқытуға жағдай жасау;
      8) облыстағы ономастика жұмыстарын үйлестіру, облыстық ономастика комиссиясының жұмысына жәрдемдесу;
      9) қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы және дамытуы үшiн көмек көрсету;
      10) өз жұмысында жариялықты, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырылуы туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты үнемі хабардар етіп отыруды қамтамасыз ету;
      11) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асыру;
      12) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
      Ведомстволық бағынысты ұйымның функциялары:
      1) мемлекеттік, ағылшын және басқа тілдерге оқытуды ұйымдастыру;
      2) мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ халықтың басқа да топтарын мемлекеттік, ағылшын және басқа тілдерге оқытуды ұйымдастыруға қажетті материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) өз қызметін орындау үшін мемлекеттік жергілікті басқару органдарынан, лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан қажетті ақпараттарды сұратуға және алуға, "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзырына жататын мәселелерді әзірлеуге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың (келісім бойынша) қызметкерлерін тартуға, тиісті ұсыныстарды орындау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;
      2) тіл саясатын іске асыру мәселелері, мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін насихаттау мен дамытуға бағытталған мәдени-көпшілік іс-шараларды дайындау және өткізу барысында басқа да мемлекеттік мекемелерімен өзара іс-қимыл жасауға;
      3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптарының бұзылуын жою туралы ұсынымдар жасауға, тиiстi органдарға Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдарға тәртiптiк жазалау шараларын қолдану туралы ұсыныстар енгiзуге;
      4) тілдерді қолдануға қатысты " Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" және "Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беруге;
      5) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негiзде және тәртiппен әкiмшiлiк ықпал ету шараларын қолдануға;
      6) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді орындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қостанай облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      21. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітеді, "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      2) Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының "Тілдерді оқытудың облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы Ережелерді, "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      4) заңнамамен белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеуді жүзеге асырады;
      5) ағымдағы жоспарларды бекітеді;
      6) өз құзыреті шегінде бұйрық шығарады;
      7) мәселелерді қарастыру үшін алқа құрады;
      8) басқа мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
      9) Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  "Қостанай облысы әкімдігінің
тілдерді дамыту басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің
қарамағындағы ұйым тізбесі

      Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының "Тілдерді оқытудың облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады