Әкімдіктің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 88 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 4 тамыздағы № 157 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 қыркүйекте № 5853 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 шілдедегі № 143 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Алтынсарин ауданы әкімдігінің 21.07.2016 № 143 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 баптарына сәйкес Алтынсарин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алтынсарин ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 88 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4772 тіркелген, 2014 жылғы 5 маусымда "Таза бұлақ - Чистый родник" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы";
      2) көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі, осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.";
      3) қосымшада тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
      "Аудандық бюджет қаражаты есебінен тарифтік ставкалар мен лауазымдық айлықақыларын жиырма бес пайызға жоғарылатуға құқығы бар азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі;
      4) қосымша мынадай мазмұндағы 5 тармақпен толықтырылсын:
      "5. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы;
      2) мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
      3) медициналық бике;
      4) нұсқаушы;
      5) әдістемеші;
      6) жаттықтырушы".
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алтынсарин
      ауданының әкімі Б. Ахметов

      КЕЛІСІЛДІ
      Алтынсарин аудандық
      мәслихатының хатшысы
      __________ Б. Есмұханов
      2015 жыл 3 тамыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады