Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Денисов ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
1) 2015 жылдың 15 мамырынан 12 маусымына дейін жаздық жұмсақ бидай;
2) 2015 жылдың 18 мамырынан 5 маусымына дейін жаздық қатты бидай;
3) 2015 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін сұлы;
4) 2015 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін арпа;
5) 2015 жылдың 20 мамырынан 15 маусымына дейін тары;
6) 2015 жылдың 20 мамырынан 15 маусымына дейін қарақұмық;
7) 2015 жылдың 15 мамырынан 10 маусымына дейін дәнді бұршақтар;
8) 2015 жылдың 10 мамырынан 5 маусымына дейін күнбағыс;
9) 2015 жылдың 20 мамырынан 8 маусымына дейін рапс;
10) 2015 жылдың 12 мамырынан 5 маусымына дейін зығыр;
11) 2015 жылдың 10 мамырынан 2 маусымына дейін мақсары;
12) 2015 жылдың 22 мамырынан 8 маусымына дейін қыша;
13) 2015 жылдың 18 мамырынан 8 маусымына жаздық арыш;
14) 2015 жылдың 18 мамырынан 5 маусымына дейін қытай бұршағы.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.Б. Рамазановқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Денисов ауданының әкімі |
Е. Жаманов |