Денисов ауданы бойынша 2015 жылға арналған өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерiн белгiлеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 109 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 маусымда № 5665 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңының 5-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Денисов ауданының әкiмдiгі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Денисов ауданы бойынша өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстардың басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн:
      1) 2015 жылдың 15 мамырынан 12 маусымына дейін жаздық жұмсақ бидай;
      2) 2015 жылдың 18 мамырынан 5 маусымына дейін жаздық қатты бидай;
      3) 2015 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін сұлы;
      4) 2015 жылдың 15 мамырынан 15 маусымына дейін арпа;
      5) 2015 жылдың 20 мамырынан 15 маусымына дейін тары;
      6) 2015 жылдың 20 мамырынан 15 маусымына дейін қарақұмық;
      7) 2015 жылдың 15 мамырынан 10 маусымына дейін дәнді бұршақтар;
      8) 2015 жылдың 10 мамырынан 5 маусымына дейін күнбағыс;
      9) 2015 жылдың 20 мамырынан 8 маусымына дейін рапс;
      10) 2015 жылдың 12 мамырынан 5 маусымына дейін зығыр;
      11) 2015 жылдың 10 мамырынан 2 маусымына дейін мақсары;
      12) 2015 жылдың 22 мамырынан 8 маусымына дейін қыша;
      13) 2015 жылдың 18 мамырынан 8 маусымына жаздық арыш;
      14) 2015 жылдың 18 мамырынан 5 маусымына дейін қытай бұршағы.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.Б. Рамазановқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 10 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
 

      Денисов ауданының әкімі

Е. Жаманов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады