"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексі 387- бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2009 жылғы 5 қарашадағы № 205 "Базалық салық ставкасын түзету туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-12-125 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 26 қарашада "Айна" аудандық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Он төртінші сессия төрағасы |
Г. Ягодин |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Е. Аманжолов |