Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 11 қаулысымен (алғаш қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18, 238 – баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелді, 2013 жылғы 31 қазанында "Айна" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
қаулысының қосымшасында аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесіндегі:
4 – тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Спорт мамандарының лауазымдары:
1) директор;
2) оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары;
3) медициналық бикеші;
4) нұсқаушы, нұсқаушы – әдіскер;
5) әдіскер;
6) жаттықтырушы.".
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.
Қарабалық
ауданының әкімі А. Исмағұлов
КЕЛІСІЛДІ
Қарабалық аудандық
мәслихатының хатшысы
_______ Е. Аманжолов