Әкімдіктің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қыркүйектегі № 245 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қыркүйекте № 5910 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 11 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 22.01.2016 № 11 қаулысымен (алғаш қол қойған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 18238 – баптарына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабалық ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 311 "Аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4256 болып тіркелді, 2013 жылғы 31 қазанында "Айна" газетінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қаулысының қосымшасында аудандық бюджет қаражаты есебінен, жиырма бес проценттен жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды алуға құқығы бар, ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандары лауазымдарының тізбесіндегі:
      4 – тармағы мынадай мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
      "4. Спорт мамандарының лауазымдары:
      1) директор;
      2) оқу бөлімі бойынша директордың орынбасары;
      3) медициналық бикеші;
      4) нұсқаушы, нұсқаушы – әдіскер;
      5) әдіскер;
      6) жаттықтырушы.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соңқолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            А. Исмағұлов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қарабалық аудандық
      мәслихатының хатшысы
      _______ Е. Аманжолов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады