Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға жоғарылатылсын.
2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, осы Кодекстің 378-бабында белгіленген, жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
3. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
4. Сарыкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 268 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-122 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 қыркүйекте "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс | |
сессияның төрағасы | Т. Жауғаштин |
Аудандық | |
мәслихат хатшысы | К. Базарбаева |
КЕЛІСІЛДІ
"Сарыкөл ауданы әкімдігініңжер қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
_______________ Р. Жақыпов
"Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай облысы
мемлекеттік кірістер департаментінің
Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік
кірістер басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
______________ Ж. Бисекеев