Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 шілдеде № 5749 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 146 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 01.04.2016 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 379, 381 және 383-баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері елу пайызға жоғарылатылсын.

      2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге, осы Кодекстің 378-бабында белгіленген, жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      3. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      4. Сарыкөл аудандық мәслихатының 2011 жылғы 29 шілдедегі № 268 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық ставкаларын түзету туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-122 болып тіркелген, 2011 жылғы 8 қыркүйекте "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрағасы Т. Жауғаштин
      Аудандық
      мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің
      жер қатынастары бөлімі"
      мемлекеттік мекемесі басшысының м.а.
      _______________ Р. Жақыпов
      "Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігінің мемлекеттік
      кірістер комитеті Қостанай облысы
      мемлекеттік кірістер департаментінің
      Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік
      кірістер басқармасы" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________ Ж. Бисекеев

О корректировке базовых налоговых ставок земельного налога и повышении ставок единого земельного налога по Сарыкольскому району

Решение маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 25 июня 2015 года № 257. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 9 июля 2015 года № 5749. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 15 марта 2018 года № 146

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 15.03.2018 № 146 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 386, пунктом 1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Сарыкольский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула - в редакции решения маслихата Сарыкольского района Костанайской области от 01.04.2016 № 11 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Повысить ставки земельного налога на пятьдесят процентов от базовых ставок земельного налога, установленных статьями 379, 381 и 383 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый Кодекс), за исключением земель, выделенных (отведенных) под автостоянки (паркинги), автозаправочные станции и занятых под казино.

      2. Повысить ставки земельного налога, установленные статьей 378 настоящего Кодекса, в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения.

      3. Повысить ставки единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения.

      4. Признать утратившим силу решение Сарыкольского районного маслихата от 29 июля 2011 года № 268 "О корректировке базовых ставок земельного налога по Сарыкольского району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-17-122, опубликовано 8 сентября 2011 года в газете "Сарыкөл").

      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель
      внеочередной сессии Т. Жаугаштин
      Секретарь
      районного маслихата К. Базарбаева

      СОГЛАСОВАНО

      И.о.руководителя
      государственного учреждения
      "Отдел земельных отношений
      акимата Сарыкольского района"
      ____________ Р. Жакупов
      Руководитель
      государственного учреждения
      "Управление государственных
      доходов по Сарыкольскому району
      Департамента государственных доходов
      по Костанайской области Комитета
      государственных доходов Министерства
      финансов Республики Казахстан"
      _____________ Ж. Бисекеев