Сарыкөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 146 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 наурызда № 7620 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың келесі шешімдерінің:

      1) 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5749 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған);

      2) 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 11 "Мәслихаттың 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6346 тіркелген, 2016 жылғы 26 мамырда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы Г. Батуринец
      Аудандық мәслихат хатшысы К. Базарбаева

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _________________ М. Бекпасов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Сарыкөл ауданы

      әкімдігінің жер қатынастары

      бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ________________Қ. Жүнісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады