Мәслихаттың 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 сәуірдегі № 11 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 мамырда № 6346 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 146 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 15.03.2018 № 146 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың 2015 жылғы 25 маусымдағы № 257 "Сарыкөл ауданы бойынша жер салығының базалық салық мөлшерлемелерін түзету және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5749 тіркелген, 2015 жылғы 23 шілдеде "Сарыкөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексі 386 бабының 5-тармағына, 387 бабының 1-тармағына, 444 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессияның
төрайымы, аудандық
мәслихат хатшысы
К. Базарбаева

      "Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігінің мемлекеттік

      кірістер комитеті Қостанай облысы

      мемлекеттік кірістер департаментінің

      Сарыкөл ауданы бойынша мемлекеттік

      кірістер басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _____________________ Ж. Бисекеев

      "Сарыкөл ауданы әкімдігінің жер

      қатынастары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________________ Е. Қалқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады