Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы "29" қаңтардағы № 18/1 қаулысымен бекітілді |
"Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы
басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.2. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
3. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 17-үй.
10. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:
жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс сағат 1300-ден 1430-ға дейін, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
11. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: государственное учреждение "Управление земельных отношений и инспекции Павлодарской области".
12. Мемлекет Павлодар облысының әкiмдiгi атынан "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінiң құрылтайшысы болып табылады.
13. Осы Ереже "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.
14. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
15. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты,
мәні негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттері
16. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес құзыреті бойынша өңірде жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.17. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты: облыстық деңгейде жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты іске асыру.
18. Павлодар облысының аумағында жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды реттеу мәселелерінде мемлекеттік саясатты облыстық деңгейде жүзеге асыру "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.
19. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) жер учаскесiне меншiк құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертiлуi мен тоқтатылуының негiздерiн, шарттары мен шектерiн, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
2) жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтiрiп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
3) шаруашылық жүргiзудiң барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшiн жағдайлар жасау;
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттiң жерге құқықтарын қорғау;
5) жылжымайтын мүлiк рыногын жасау мен дамыту;
6) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
20. Функциялары:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбыржолдар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) мақсаттары үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес инвестициялық басым жобаларды іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбыржолдар салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;
13) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) жер-кадастр жоспарын бекіту;
16) орталық уәкілетті органға заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;
17) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру;
18) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру;
19) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;
20) орман қоры жерiн қоспағанда жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;
21) қауымдық сервитуттар белгілеу;
22) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiруді және оған басшылық жасауды жүзеге асыру;
23) Қазақстан Республикасы Үкiметiмен келiсiм бойынша облыстық өкiлдi органының бiрлескен шешiмiмен елдi мекендердiң шекарасын (шегiн) белгiлеу және өзгерту;
24) жеке меншiкте болуы мүмкiн жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi облыстың өкілетті органдарының бiрлескен шешiмдерiмен белгiленедi:
ауылдық жерлерде өзiндiк қосалқы шаруашылық (үй маңындағы және егiстiк телiмдердi қоса алғанда) жүргiзу үшiн;
жеке тұрғын үй құрылысы үшiн;
бағбандық, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн;
25) облыстың өкілетті органдарының бірлескен шешімдерімен жергілікті жағдайларға және көрсетілген жерді пайдалану ерекшеліктеріне байланысты меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің ең аз мөлшері белгілеу;
26) мыналарға:
мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдар мен азаматтардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жер учаскелерiн нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланудың белгiленген режимiн сақтауына;
жер учаскелерiн өз бетiнше иеленiп алуға жол бермеуге;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарының сақталуына;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру және сақтау жөнiндегi ұйымдастыру-шаруашылық, агротехникалық, орман мелиорациялық және эрозияға қарсы гидротехникалық iс-шаралар кешенiн уақтылы және дұрыс жүргiзуiне;
жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың өздерiнде жердiң бар-жоғы, олардың жай-күйi мен пайдаланылуы туралы мәлiметтердi мемлекеттiк органдарға уақтылы беруiне;
жердiң жай-күйiне әсер ететiн тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң жобалануына, орналастырылуы мен салынуына;
жердi жақсарту жөнiндегi, топырақ эрозиясының, тұздану, батпақтану, су басу, шөлейттену, құрғақтану, тығыздалу, қоқыстану, ластану және жердiң тозуын туғызатын басқа да процестердiң салдарын болғызбау мен жою жөнiндегi iс-шаралардың уақтылы және сапалы орындалуына;
азаматтардың өздерiне жер учаскелерiн беру туралы өтініштерін (өтiнiшхаттарын) қараудың белгiленген мерзiмдерiнiң сақталуына;
межелiк белгiлердiң сақталуына;
жергiлiктi атқарушы органдар уақытша жер пайдалануға берген жердiң уақтылы қайтарылуына;
бүлiнген жердiң қалпына келтірілуіне;
жердiң бүлiнуiне байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатының сыдырып алынуына, сақталуына және пайдаланылуына;
жердi пайдалану мен қорғау жөнiндегi жерге орналастыру жобаларының және басқа да жобалардың жүзеге асырылуына;
жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттiк бақылауды ұйымдастыру және жүргiзу.
27) жер заңнамасының анықталған бұзушылықтарын жою жөнінде орындалуы міндетті нұсқамалар беру;
28) жер заңнамасы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
29) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындауға және беруге;
30) пайдаланылмай жатқан не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау және мемлекеттік меншікке қайтару;
31) егер құрылыс, пайдалы қазбалар кен орындарын қазу, объектiлердi пайдалану, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстар жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылып жатса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлiп жатса, оларды тоқтата тұру;
32) ақпараттық технологияларды қолдану арқылы істер номенклатурасына сәйкес құжат айналымының жүйесін ұйымдастыру;
33) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау;
34) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерін кәсіби қайта даярлау біліктілігін арттыруды, аттестаттауды ұйымдастыру;
35) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді шешу;
36) кадрлық резервті қалыптастыруға қатысу;
37) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
38) облыс әкімінің тапсырмаларын, әкімдігі мен әкімінің актілерін орындау және орындауды ұйымдастыру;
39) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және тұрақты түрде дамыту;
40) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;
41) жер қатынастарын реттеу бойынша қалалық және аудандық уәкілетті органдарға әдістемелік көмек көрсету;
42) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функцияларын орындау сапасын арттыру мақсатында басқарма қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;
43) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
21. Құқықтары және міндеттері:
1) жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша проблемаларды жедел шешу мақсатында облыс әкімдігі мен әкімінің қарауына ұсыныстар енгізу;
2) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді атқаруға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдар мен азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;
3) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларымен келісімі бойынша жұмысқа тарту;
4) жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, кәсіпорындар, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
5) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;
6) өз құзыретінің шегінде келісімшарттар, келісімдер жасау;
7) кiнәлiлердi жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн Қазақстан Республикасының жер заңдарының бұзылуы туралы материалдарды тиiстi органдарға жiберу;
8) Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуы туралы хаттамалар (актiлер) жасау;
9) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жазалау туралы қаулылар шығару;
10) Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзу салдарынан келтірілген шығынды өтеу туралы, өз мақсатында пайдаланылмай не Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жер учаскелерiн мәжбүрлеп алып қою туралы, жер учаскелерін беруге, мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға, мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты құқыққа сыйымсыз шешімдердің күшін жою туралы, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың лауазымды адамдарының анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын осы нұсқама берілген тұлғалар нұсқамада көрсетілген мерзімде орындамаған не тиісінше орындамаған жағдайда оларды орындау туралы және жеке, лауазымды және заңды тұлғалардан айыппұл өндіріп алу туралы істер бойынша сотқа талап-арыз дайындау және беру;
11) заңнамамен белгіленген тәртіпте ұйымдарға кедергiсiз кiру, меншiктегi және пайдаланудағы жер учаскелерiн тексеруге, ал әскери, қорғаныс және басқа да арнаулы объектiлер алып жатқан жер учаскелерiн - оларға кiрудiң белгiленген режимiн ескере отырып, тексеру;
12) жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларға жердi қорғау, Қазақстан Республикасы жер заңдарының бұзылуын жою мәселелерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар беру;
13) өнеркәсiптiк, азаматтық және басқа да құрылыстар, пайдалы қазба кен орындарын игеру, объектiлердi пайдалану, агротехникалық, орман мелиорациялық, геологиялық-барлау, iздестiру, геодезиялық және өзге де жұмыстар, егер олар Қазақстан Республикасының жер заңдарын, ерекше қорғалатын аумақтар жерiн пайдаланудың белгiленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса және топырақтың құнарлы қабатының жойылуына, ластануына, залалдануына немесе бүлiнуiне, эрозияның күшеюiне, тұздануға, батпақтануға және шектес аумақтарды қоса алғанда, топырақ құнарлылығын төмендететiн басқа да процестерге әкеп соғуы мүмкiн болса, сондай-ақ егер бұл жұмыстар экологиялық сараптамадан өтпеген не терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүзеге асырылса, оларды тоқтата тұру;
14) мемлекеттiк органдардан жер қорының жай-күйi туралы статистикалық ақпаратты алу;
15) жерге құқықты белгiлейтiн және сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда тұрғын жай және өндiрiстiк объектiлердiң салынуын тоқтата тұру;
16) Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзушыларға уақтылы шаралар қолдану;
17) жүргізілген тексеру материалдарын объективті дайындау;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
19) өз құзіреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарынан және өзге ұйымдардан қажетті ақпараттық материалдарды өтеусіз түрде (сұрау негізінде) алу;
20) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
3. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
22. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Павлодар облысы бойынша жерді пайдалану және қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспектор жүзеге асырады.23. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы лауазымына облыс әкімімен тағайындалады және қызметтен босатылады.
24. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекетік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын екі орынбасары бар.
25. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және қызметін басқарады;
2) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін, сондай-ақ функцияларын белгілейді;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жазалау қолдануды жүзеге асырады;
5) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті, оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
6) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік түріне қарамастан өзге де мекемелерде білдіреді;
8) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;
9) "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі жұмысының перспективті және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және оған дербес жауап береді.
11) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
"Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
26. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мен коммуналдық мүлiктi басқару бойынша уәкiлеттi органның (жергiлiктi атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
27. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесi мен тиiстi саладағы уәкiлеттi органның өзара қарым-қатынастары (жергілікті атқарушы органдарымен) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледi.
28. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледi.
4. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі
29. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін."Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
30. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
31. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. "Павлодар облысының жер қатынастары және
инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату (қысқарту)
32. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.33. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі таратылған кезде, кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк облыстың коммуналдық меншiгінде қалады.