Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 202/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 18/1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4304 болып тіркелді, 2015 жылғы 20 ақпанда "Регион.kz" газетінде жарияланды) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Павлодар облысының жер қатынастары және инспекциясы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
      осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Бақауов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады