Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.02.2018 № 57/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 болып тіркелді, 2014 жылғы 20 наурызда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 20 наурызда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
21-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
"5) баспа және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамаға сәйкес құрастыру;";
"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-тармақша алынып тасталсын;
2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Қ. Бозымбаев |