"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы N 34/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 наурызда N 3728 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 57/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 21.02.2018 № 57/1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі:

      осы қаулының ресми жариялануын заңнамамен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 11 ақпан
N 34/2 қаулысымен
бекітілді

"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140000, Павлодар қаласы, Жеңіс алаңы, 15-үй.

      10. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі - жұма күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

      11. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі

      орыс тіліндегі атауы: государственное учреждение "Управление внутренней политики Павлодарской области".

      12. Мемлекет Павлодар облысы әкімдігінің тұлғасында "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы Ереже "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік
мекемесі қызметінің миссиясы, мақсаты, мәні, негізгі
міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

      1) облыстық деңгейде Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын алға бастыруға бағытталған іс-шараларды іске асыру;

      2) Павлодар облысында қоғамдық-саяси ахуалды мониторингілеу, талдау мен болжау жүйесін, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін мемлекеттік саясаттың барлық аспектілері бойынша ұйымдастыру;

      3) ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен тәрбиелеу үшін қажетті жағдайлар жасау.

      17. Ішкі саяси үдерістерді мемлекеттік реттеуге қатысу, Павлодар облысының мемлекеттік органдарымен ішкі саясат саласында өзара іс-қимыл жасау, облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың, саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметін мониторингілеуді, талдауды және болжауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлеу және жұмысты ұйымдастыру "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаты болып табылады.

      18. Ішкі саяси үдерістерді реттеуге және ішкі саясат саласында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылға бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізу "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мәні болып табылады.

      19. Міндеттері:

      1) Павлодар облысының мемлекеттік органдарымен қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үдерістерді демократияландыруды және қоғамды біріктіруді қамтамасыз ету, ішкі саясат саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің орындалуын мониторингілеу мен талдауды қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      2) қоғамдық бірлестіктерді, саяси партияларды, қоғамдық-саяси ұйымдарды, кәсіптік одақтарды, бұқаралық ақпарат құралдарын, жұртшылық өкілдерін қолдаудың және өзара іс-қимыл жасаудың облыстық инфрақұрылымын дамыту;

      3) ішкі саясат саласындағы мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін дамытуға ықпал ету;

      4) ішкі саясат үдерістерін реттеуге бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуге қолайлы жағдайлар жасау шараларын әзірлеу, Павлодар облысының мемлекеттік органдарымен мемлекеттік ішкі саясатты насихаттау мен түсіндіру жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасау;

      5) Павлодар облысында болып жатқан қоғамдық-саяси үдерістер мен олардың даму үрдістерін жан-жақты мониторингілеу, болжау және объективті зерделену жүйесін ұйымдастыру;

      6) Павлодар облысында ішкі саясат саласындағы басымдықтарды әзірлеу;

      7) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8) мемлекеттік ішкі саясаттың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілері мен тапсырмаларының, "Павлодар облысы ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша Павлодар облысы әкімдігі мен әкімі актілерінің іске асырылу барысын мониторингілеу;

      9) қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын насихаттауға қатысу;

      10) ішкі саясат мәселелерінде тұжырымдамалық негіздер мен тәжірибелік ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық сәйкестікті қалыптастыру және Қазақстанның ұзақ мерзімді даму басымдықтары негізінде қоғамды біріктіру жөнінде ұсыныстар жасау;

      11) облыстық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру және орналастыру, оның жүзеге асырылуына бақылауды қамтамасыз ету;

      12) Павлодар облысында қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;

      13) Павлодар облысының аумағында Қазақстан Республикасының жарнама туралы заңнамасының сақталуын бақылауды өз құзыреті шеңберінде жүзеге асыру.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларын, Павлодар облысы әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру;

      2) Павлодар облысы әкімдігі мен әкімінің "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі актілерінің жобаларын дайындау;

      3) Павлодар облысы әкімдігінің өңір, мемлекеттік билік органдарының қоғамдық-саяси және экономика салаларындағы қызметі туралы ақпаратты тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысына қатысу;

      4) өңірде Қазақстанның 2050 жылға дейін даму стратегиясын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, басқа да стратегиялық құжаттарды түсіндіруді және насихаттауды қамтамасыз ету;

      5) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қалалық және аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметін үйлестіру;

      6) жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және басқа да салалардағы қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, осы бағыттағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      7) қалалар мен аудандар әкімдерінің мемлекеттік ішкі саясат мәселелері жөніндегі қызметін және ақпараттық-насихаттау жұмыстарының барысын үйлестіру және бақылау;

      8) Павлодар облысы әкімдігінің мәжілістеріне өңірдің ішкі саяси өмірінің мәселелері жөнінде материалдар дайындауға қатысу;

      9) Қазақстан халқы Ассамблеяларына және олардың хатшылықтарына ұйымдық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

      10) ішкі саясат саласында, этностар арасындағы қатынастар, Қазақстан Республикасында адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және сақтау мәселелерінде мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;

      11) мемлекеттің ішкі саясат мәселелері жөніндегі ақпараттық дерекқорды (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, тарату және жіктеу;

      12) саяси партиялармен, этномәдени орталықтармен, үкімет емес, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;

      13) жергілікті мемлекеттік басқарудың мүддесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      14) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастырады, орналастырады және жүзеге асырылуын бақылайды;

      16) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару органының мүддесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      18) Павлодар облысында ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси үдерістерді демократияландыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-тәжірибелік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу;

      19) мемлекеттік рәміздерді насихаттау, әдістемелік көмек көрсету және қолдану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру және ақпарат ұсыну;

      20) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты мәселелерді іске асыру;

      21) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің кадрлық жұмысының жай-күйін, кадрлармен қамтамасыз етілуін талдау;

      22) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік органдармен, лауазымды тұлғалармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      23) Павлодар облысы әкімінің тапсырмаларын, әкімдігінің актілерін орындау және орындалуын ұйымдастыру;

      24) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртшылықпен байланыс орнату және оларды тұрақты дамыту;

      25) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметінің жоспарларын әзірлеу;

      26) тиісті дерекқорды құрумен Павлодар облысының бірыңғай электрондық жүйесін ұйымдастыруға қатысу;

      27) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;

      28) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      жұмыстың сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне;

      ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қаржылық-шаруашылық қызметіне ішкі бақылауды жүзеге асыру;

      29) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерімен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен көзделген жағдайда, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектісінің өкілеттіктерін жүзеге асыру, соның ішінде тиісті саланың уәкілетті органдарының құзыретіне ұқсас оларға қатысты шешімдерді қабылдау.

      Ескерту. 20-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 260/7 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Павлодар облысы әкімінің қарауына облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу, "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағына жататын мәселелер жөнінде ақпараттық-аналитикалық және өзге де материалдар дайындауды жүзеге асыру;

      2) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, ұйымдардың және азаматтардың келісімі бойынша белгіленген тәртіпте сұрату және алу;

      3) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын басқа да атқарушы органдардың мамандарын олардың басшыларының келісімі бойынша жұмысқа тарту;

      4) өзінің құзыреті шегінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс-шараларға қатысу;

      5) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдарда, сотта білдіру;

      7) өзінің құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.04.2015 N 102/4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 01.03.2016 № 94/3 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

3. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Павлодар облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      24. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      25. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының, сондай-ақ "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды, оларға материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

      4) өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүддесін барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда білдіреді;

      6) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен кеңестер өткізеді;

      7) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымын әзірлеуді қамтамасыз етеді;

      8) "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің болашақтағы және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;

      9) өзінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді және ол үшін дербес жауап береді.

      "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      27. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті атқарушы орган) арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық еңбек шартына сәйкес белгіленеді.

4. "Павлодар облысының ішкі саясат
басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесін тарату кезінде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік облыстық коммуналдық меншікте қалады.

"Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      1) Алынып тасталды - Павлодар облыстық әкімдігінің 14.04.2015 N 102/4 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2) "Ертіс Медиа" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      3) "Ертіс Медиа Холдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

      Ескерту. Қаулы тізбемен толықтырылды - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.07.2014 N 260/7 (жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады