Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облыстық әкімдігінің 2018 жылғы 21 ақпандағы № 57/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 наурызда № 5882 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін қағаз және электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.М. Бегентаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Б. Бақауов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2018 жылғы 21 ақпандағы
№ 57/1 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3728 тіркелген, 2014 жылғы 20 наурызда "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 17 шілдедегі № 260/7 "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3922 тіркелген, 2014 жылғы 23 тамызда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 21 тамызда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 102/4 "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4433 тіркелген, 2015 жылғы 25 сәуірде "Сарыарқа самалы", "Звезда Прииртышья" газеттерінде жарияланды).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 94/3 "Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы "Павлодар облысының ішкі саясат басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" № 34/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5039 тіркелген, 2016 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады