Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 307/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 03 желтоқсанда № 4824 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 137/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 25.05.2021 № 137/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 13 мамырдағы "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту туралы" № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелді, 2015 жылғы 6 наурызда "Регион.КZ" газетінде жарияланды) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      прембуласында "Қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп шығару үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын және кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту туралы" деген сөздер "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "3" қарашадағы
№ 307/11 қаулысына
қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі

Ауылшаруашылық өнім атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л
(теңге/кг)

Сүт

Сары май

16,0

Сүт

Қатты ірімшік

20,0

Сүт

Құрғақ сүт
(майы алынған)

15,0


О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 "Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции"

Постановление акимата Павлодарской области от 3 ноября 2015 года № 307/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 03 декабря 2015 года № 4824. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 25 мая 2021 года № 137/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Павлодарской области от 25.05.2021 № 137/4 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).
      1. В соответствии с подпунктом 12-6) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 мая 2014 года № 486 "Об утверждении перечня сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена", пунктом 5 Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки, утвержденных приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615, акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      2. Внести в постановление акимата Павлодарской области от 12 февраля 2015 года № 37/2 "Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4315, опубликовано 6 марта 2015 года в газете "Регион.КZ") следующие изменения:

      в преамбуле слова "Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки и перечня сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена" заменить словами "Об утверждении перечня сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена";

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      3. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Павлодарской области" в установленном законодательством порядке обеспечить:

      государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего постановления в территориальном органе юстиции направление на официальное опубликование настоящего постановления в средствах массовой информации и информационно-правовой системе "Әділет";

      размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Павлодарской области.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Ашимбетова Н. К.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким области К. Бозумбаев

  Приложение
к постановлению акимата
Павлодарской области от "3"
ноября 2015 года № 307/11

Норматив субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции

Наименование сельскохозяйственной продукции

Наименование продуктов глубокой переработки

Нормативы субсидий в пересчете на сырье, тенге/л
(тенге/кг)

Молоко

сливочное масло

16,0

Молоко

сыр твердый

20,0

Молоко

сухое молоко
(цельное, обезжиренное)

15,0