Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 37/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 ақпанда № 4315 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 137/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы әкімдігінің 25.05.2021 № 137/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 13 мамырдағы "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауылшаруашылық өнімінің тізбесін бекіту" № 486 қаулысына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Преамбулаға өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 03.11.2015 N 307/11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсiн.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов

  Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы "12" ақпандағы
№ 37/2 қаулысына
қосымша

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облыстық әкімдігінің 03.11.2015 N 307/11 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - Павлодар облыстық әкімдігінің 17.03.2017 № 60/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.05.2019 № 137/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

Ауылшаруашылық өнім атауы

Тереңдете өңделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативтері, теңге/л
(теңге/кг)

Сүт

Сары май

16,15

Сүт

Қатты ірімшік

18,95

Сүт

Құрғақ сүт
(майы алынған)

15,0

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады