Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы әкімдігінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 137/4 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 31 мамырда № 22871 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы №3-2/615 бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімінің тізбесін бекіту туралы" № 477 бұйрығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.

      2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Павлодар облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ. Байхановқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Скаков

  Павлодар облысы әкімдігінің
2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 137/4 қаулысымен
бекітілген

Кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауыл шаруашылығы өнімі субсидияларының нормативі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Павлодар облысы әкімдігінің 11.07.2022 № 198/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Тереңдете өнделген өнімдердің атауы

Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі,
теңге/килограмм

Сүт

Сары май

40,0

Сүт

Қатты ірімшік

25,0

Сүт

Құрғақ сүт
(майы алынбаған, майы алынған)

15,0


  Павлодар облысы әкімдігінің
  2021 жылғы 25 мамырдағы
№ 137/4 қаулысына
қосымша

Павлодар облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4315 болып тіркелген).

      2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 307/11 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4824 болып тіркелген).

      3. Павлодар облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" № 60/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5460 болып тіркелген).

      4. Павлодар облысы әкімдігінің 2019 жылғы 3 мамырдағы "Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 ақпандағы "Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" № 37/2 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 137/2 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6337 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады