Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Железин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) он екі ай және одан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
2) дәрiгерлiк-консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
3) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
4) жасы елу жастан асқан тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К. Абушахманов |