Железин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 87/5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамамен сәйкестікке келтіру мақсатында, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Железин ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Павлодар облысы
Железин ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "16" мамырдағы
№ 87/5 қаулысына
қосымша

Железин ауданы әкімдігінің кейбір күші
жойылған қаулыларының тізімі

      1. Железин ауданы әкімдігің 2014 жылғы 15 мамырдағы "Железин ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындары квотасын белгілеу туралы" № 155/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 29 мамырда № 3831 болып тіркелді, 2014 жылғы 14 маусымда аудандық "Родные просторы" газетінің № 24 санында және 2014 жылғы 14 маусымда "Туған өлке" газетінің № 24 санында жарияланған).
      2. Железин ауданы әкімдігің 2015 жылғы 20 ақпандағы "Железин ауданы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" № 39/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4386 болып тіркелді, 2015 жылғы 04 сәуірде аудандық "Родные просторы" газетінің № 13 санында және 2015 жылғы 04 сәуірде "Туған өлке" газетінің № 13 санында жарияланған).
      3. Железин ауданы әкімдігің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Железин ауданы бойынша 2016 жылға арналған нысаналы топтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 389/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4894 болып тіркелді, 2016 жылғы 30 қаңтарда аудандық "Родные просторы" газетінің № 4 санында және 2016 жылғы 23 қаңтарда "Туған өлке" газетінің № 4 санында жарияланған).
      4. 2015 жылғы 28 желтоқсандағы "Железин ауданында 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" № 388/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4893 болып тіркелді, 2016 жылғы 30 қаңтарда аудандық "Родные просторы" газетінің № 4 санында және 2016 жылғы 23 қаңтарда "Туған өлке" газетінің № 4 санында жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады