Железин ауданы бойынша 2016 жылға арналған нысаналы топтардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 389/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 20 қаңтарда № 4894 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы N 87/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 16.05.2016 N 87/5 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Железин ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын адамдардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) он екі ай және одан артық жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) дәрiгерлiк-консультативтік комиссиясының анықтамалары бойынша еңбекке шектеуі бар тұлғалар;
      3) еңбек өтілі жоқ, жасы жиырма тоғыз жастан асқан тұлғалар;
      4) жасы елу жастан асқан тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі К. Абушахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады