Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXXIV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылдың 1 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:көрсетілген шешімнің 1-тармағында:
бесінші абзацтағы "69 АЕК" деген сандар мен сөздер "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;
жетінші, он бірінші, он екінші абзацтардағы "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
сегізінші абзацтағы "14" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
тоғызыншы абзацтағы "3,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;
он үшінші абзацтағы "1,8" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономиқалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Нұров |
Аудандық мәслихатының хатшысы | Ғ. Арынов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Павлодар облысы әкімінің | |
міндетін атқарушы | Д. Тұрғанов |
2015 жылғы 03 наурыз |