Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXXIV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 ақпандағы № 1/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 наурызда № 4378 болып тіркелді. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2021 жылғы 10 наурыздағы № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 10.03.2021 № 2/2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Май аудандық мәслихатының (V сайланған XXXIV сессиясы) 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 9/34 "Жекелеген санаттағы алушыларға атаулы күндерге және мерекелік күндерге әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3783 тіркелген, аудандық "Шамшырақ" газетінің 2014 жылдың 1 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1-тармағында:

      бесінші абзацтағы "69 АЕК" деген сандар мен сөздер "150000 (жүз елу мың) теңге" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші, он бірінші, он екінші абзацтардағы "1,8" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      сегізінші абзацтағы "14" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      тоғызыншы абзацтағы "3,5" деген сандар "10" деген сандармен ауыстырылсын;

      он үшінші абзацтағы "1,8" деген сандар "5" деген санмен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономиқалық даму және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ж. Нұров
      Аудандық мәслихатының хатшысы Ғ. Арынов
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Павлодар облысы әкімінің
      міндетін атқарушы Д. Тұрғанов
      2015 жылғы 03 наурыз

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады