Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
1) дәрігерлік–консультативтік комиссия анықтамалары бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;
2) 50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;
3) жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;
4) үш ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар;
5) бір де жұмыс істейтін адамы жоқ отбасынан жұмыссыз тұлғалар;
6) уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталғанына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Демеуов |