Успен ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 79/4 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағына 4) тармақшасына сәйкес, Успен ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің келесі қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) Успен ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі "Успен ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" № 284/9 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылы 12 қыркүйекте № 4021 болып тіркелген, "Апта айнасы" газетінде 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 37 номерінде жарияланған);
      2) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы "Успен ауданының ауылдары мен ауылдық округтері аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындарды белгілеу туралы" № 47/3 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылы 8 сәуірде № 4411 болып тіркелген, "Аймақ ажары" газетінде 2015 жылғы 2 мамырдағы № 17 номерінде жарияланған);
      3) Успен ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "2016 жылға Успен ауданы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" № 282/12 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылы 27 қаңтарда № 4908 болып тіркелген, "Аймақ ажары" газетінде 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4 номерінде жарияланған).
      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады