2016 жылға Успен ауданы халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 282/12 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 27 қаңтарда № 4908 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі N 79/4 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық әкімдігінің 26.04.2016 N 79/4 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес Успен ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Успен ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) дәрігерлік–консультативтік комиссия анықтамалары бойынша еңбек етуге шектеуі бар тұлғалар;
      2) 50 жастағы және одан үлкен жастағы тұлғалар;
      3) жұмыс өтілі және мамандығы жоқ тұлғалар;
      4) үш ай және одан артық жұмыс істемеген тұлғалар;
      5) бір де жұмыс істейтін адамы жоқ отбасынан жұмыссыз тұлғалар;
      6) уақытша және маусымдық жұмыстардың аяқталғанына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелерге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Демеуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады