Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 225/63 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 22 қыркүйекте № 4721 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 134/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 08.06.2018 № 134/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386–бабының 5–тармағына, 444–бабының 1–тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспесіне өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 10.03.2016 № 262/72 (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Павлодар облысының Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

      2. Павлодар облысының Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Г. Бердыгожина
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов

О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога по Щербактинскому району

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 21 августа 2015 года № 225/63. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 22 сентября 2015 года № 4721. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 8 июня 2018 года № 134/39 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 08.06.2018 № 134/39 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 386, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платяжах в бюджет (Налоговый кодекс)", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решением маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 10.03.2016 № 262/72 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального публикования).
      1. Повысить ставки земельного налога в 10 (десять) раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Щербактинского района Павлодарской области.
      2. Повысить ставки единого земельного налога в 10 (десять) раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения Щербактинского района Павлодарской области.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Щербактинского районного маслихата по вопросам бюджета и социально-экономического развития района.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Г. Бердыгожина
      Секретарь районного маслихата Т. Абдрахманов