Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 08.06.2018 № 134/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386–бабының 5–тармағына, 444–бабының 1–тармағына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағы 15) тармақшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспесіне өзгерістер енгізілді - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 10.03.2016 № 262/72 (алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Павлодар облысының Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
2. Павлодар облысының Шарбақты ауданында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының бюджет және әлеуметтік-экономикалық даму мәселесі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Г. Бердыгожина |
Аудандық мәслихат хатшысы | Т. Абдрахманов |