Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 225/63 "Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 наурыздағы № 262/72 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 11 сәуірде № 5058 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2018 жылғы 8 маусымдағы № 134/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 08.06.2018 № 134/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 3 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1-бабы 1-тармағының 92) тармақшасына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы № 225/63 "Шарбақты ауданында жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4721 тіркелген, 2015 жылғы 22 қыркүйектегі ауданның "Маралды" газетінде, 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Трибуна" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі "387-бабының 1-1" сандары мен сөздері "386–бабының 5" деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының хатшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Лямцев
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады