Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" 2015 жылғы 17 ақпандағы № 1/98 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1136 тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Алматы ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:
15 тармақтағы:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 46 "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына" сөздері "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына" сөздерімен ауыстырылсын;
қазақ тіліндегі мәтінде "Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде айқындалған бұзушылықтардың сыныптауышын бекіту туралы" сөздері "Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын бекіту туралы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) оның Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласының әділет органдарына хабарласын;
2) осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | А. Есімов |