"Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № 1/98 қаулысы. Алматы қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 27 ақпанда № 1136 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 тамыздағы № 3/395 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 18.08.2016 № 3/395 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі
      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) Құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер туралы Алматы қаласы әділет органдарына хабарласын;
      2) аталған қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3.Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Құдышевқа жүктелсін.
      4.Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Алматы қаласының әкімі А.Есимов

  Алматы қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 17 ақпандағы
№ 1/98 қаулысымен
бекітілді

"Алматы қаласы Қаржы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттің орындалуы саласында бюджеттік есепке алуды және бюджеттің орындалуы бойынша есептілікті жүргізу, сонымен қатар, Алматы қаласы коммуналдық меншігін иелену, пайдалану және оған билік етудегі басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы көрсетілген мөрі мен төрткіл мөрлері, мемлекеттік тілде белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазнашылық органдарында шоттары болады
      4. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, егер ол оған заңнамаларға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
      6. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамамен белгіленген тәртіпте "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешім қабылдайды.
      7. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан орыны: 050000, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 97.
      9. Толық атауы:
      мемлекеттік тілде: "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение "Управление финансов города Алматы".
      10. Осы Ереже "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшы құжаты болып табылады.
      11. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеті болып табылатын міндеттемелер мәнін орындауға шарт жасасуға тыйым салынады.
      Егер "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметтерді жүзеге асыруға құқық берілген болса, онда мұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары,
құқығы мен міндеттері

      13. Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің уәкілеттігі белгіленген – Алматы қаласының бюджеттік қаражатын уақтылы және тиімді басқару және коммуналдық меншігін басқару.
      14. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 82, 101 баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 7 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген:
      1) бюджеттік ақшаны басқаруды жүзеге асыру;
      2) Алматы қаласы бюджетінің орындалуы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      3) Алматы қаласының коммуналдық меншігін басқару;
      4) Алматы қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік және жеке серіктестердің тиімді әрекеттесуі үшін жағдайлар жасау;
      5) Алматы қаласының әкімі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу.
      15. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 "Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 550, 1083 баптарына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 65, 82, 85, 99, 102, 108, 112, 117, 118, 119, 120, 124, 125, 129, 144, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187 188, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198 баптарына,Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы "Акционерлік қоғамдар туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Концессиялар туралы" Заңының 13 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңының 1, 6, 7, 8, 9, 10, 16 баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 14, 16, 17, 19, 72, 73, 74, 75, 76, 79, 81, 83, 87, 94, 120, 144, 154, 162, 166, 170, 178, 186, 196, 198, 202 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 тамыздағы № 660 "Алматы қаласын және Алматы облысын энергиямен жабдықтаудың жекелеген мәселелері" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 "Қазақстан Республикасында республикалық және жергілікті деңгейлерде ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 наурыздағы № 243 "Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін меншікке кейіннен өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін және олардың алып отырған жер учаскелерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру ережесін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 қыркүйектегі № 939 "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 "Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 "Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендіру нысандарын сату ережелерін бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" қаулысына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 "Электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 1546 "Мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың басқару тиімділігінің мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 30 "Бюджет кредиттерін тіркеу, есепке алу және мониторингі ережесін бекіту туралы" бұйрығының 9, 10, 11 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 16 ақпандағы № 68 бұйрығымен бекітілген бюджеттік мониторинг жүргізу нұсқауының 34, 43 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 215 "Республикалық немесе жергілікті бюджеттің есебінен ұсталатын, сатудан түсетін ақша өздерінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің тауарлары (жұмыстары, көрсетілетін қызметтері) тізбесінің сыныптауышын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 8 шілдедегі № 325 "Қаржы есептілігін жасаудың және ұсынудың нысаны мен ережесін бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 "Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есеп жүргізу ережесін бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 180 "Мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінде анықталатын бұзушылықтар сыныптауышын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 30 қазандағы № 500 "Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнің және бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi органдардың шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау ережесін бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 324 "Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген:
      1) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау және бекіту;
      2) қаржыландырудың жеке жоспарларына және жиынтық жоспарларына міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізу;
      3) мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметті) өткізуден түсетін өз билігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының бекітілген жиынтық жоспарын тексеру және келісу;
      4) Алматы қаласының бюджеттік қаражаттарынан және республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерді бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің игеруіне мониторинг жасау;
      5) белгіленген тәртіпте бюджеттің орындалуы жөнінен жоғары тұрған органдарға есептер тапсыру;
      6) бюджеттің орындалуы бойынша шоғырланғандырылған қаржылық есептілікті әзірлеу және Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетіне ұсыну;
      7) Алматы қаласының бюджет түсімдерін болжауға қатысу;
      8) орындалу, резервтерінің жұмылдырылуы, орындалмауының себептерін айқындау мақсатында Алматы қаласы бюджетінің шығыстары мен кіріс көздерінің мониторингін жүзеге асыру;
      9) қала бюджетінің орындалуы мен бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлерімен мемлекеттік тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетудің ұйымдастырылу және жүзеге асырылу мәселелері бойынша қала әкіміне материалдар әзірлеу;
      10) тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сатып алу үдерісіне қатысушыларға, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
      11) "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласының бюджетінен бөлінген ақша қаражатының тиімді және оңтайлы жұмсалуын қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды қамтамасыз ету;
      12) мемлекеттік органның және оған ведомстволық бағынысты ұйымдардың Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамалардың сақталуына ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
      13) кредиттік шарттар талаптарына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен берілген кредиттерді төлеу және қызмет көрсету;
      14) коммуналдық мүлікті басқару және оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
      15) Алматы қаласының коммуналдық меншігін басқару, соның ішінде акционерлік қоғамдарындағы мемлекеттік пакеттер мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі мемлекеттік үлеске қатысты мәселелері бойынша, Алматы қаласы әкімдігінің саясатын жүргізуге, қалыптастыруға, әзірлеуге атсалысу;
      16) коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін жүзеге асыру, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру нысанын сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
      17) коммуналдық меншік нысандарын есепке алу үшін түгендеу жүргізу;
      18) коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе олардың жеке шаруашылық қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлікті қайтарып алу немесе қайта бөлуді уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асыру;
      19) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған, коммуналдық заңды тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған мүлкін алып қоюды жүзеге асыру;
      20) мемлекеттік коммуналдық меншікті мүліктік жалға беру, өтеусіз пайдалану, концессия, сенімгерлікпен басқару, сатып алу-сату келісім шарттарының жағдайларын сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;
      21) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
      22) коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
      23) коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге ұсыну;
      24) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешімнің уақтылы қабылдануын және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларға (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) арналған дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) жалғыз акционер (қатысушы) шешім қабылдаған күннен бастап он күн ішінде аудару;
      25) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөліген жергілікті атқарушы органмен белгіленген мөлшерде дивидендтерді (табысты) төлеуге бағыттау үшін шаралар қабылдау;
      26) өз құзіреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      27) мемлекеттің қатысыуымен коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шетеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
      28) мемлекеттің қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік саласын үйлестіру;
      29) коммуналдық мүлікті сенімді басқару шарты бойынша сенімді басқарушының міндеттемелерді орындауына бақылауды жүзеге асыру;
      30) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтайшысы болады;
      31) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына төлем жасауды және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде акцияларды, қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;
      32) жергілікті атқарушы органның атынан мемлекеттің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектекулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде қатысу құқықтарын жүзеге асыру;
      33) акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлердің (қатысушылардың) жалпы жиналысына акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) тағайындау үшін кандидатура ұсыну және жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесін (байқау кеңестерін) жергілікті атқарушы органдарымен келісу арқылы қалыптастыру;
      34) коммуналдық меншікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықтың өткізілуін хабарлау үшін мерзімді баспа басылымының ұйғарымы бойынша Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес конкурс өткізу;
      35) мүлікті иесіз деп тану жөнінде сотқа шағым жасау;
      36) Алматы қаласының коммуналдық мүлкіне түскен иесіз мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз ету;
      37) азаматтар мен ұйымдардан түскен өтініштерді қарау;
      38) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын, сонымен қатар концессиялық жобаларды анықтау және іске асыруға дайындау және (немесе) сүйемелдеу;
      39) Алматы қаласының әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
      40) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлері бойынша мемлекеттік сатып алулардың мониторингін жүзеге асыру.
      Ескерту. 15 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы әкімдігінің 23.07.2015 № 3/462 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқығы мен міндеттері Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 82, 85, 90, 94 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 14, 16, 17, 73, 74, 75, 76, 79, 83, 196, 202 баптарына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 37, 40 баптарына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес белгіленген:
      1) Алматы қаласының коммуналдық меншігі және бюджеті мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардың лауазымыды тұлғалары мен азаматтарынан сұрауға және алуға;
      2) кіріс көздері түсімдері мониторингін жүзеге асыру үшін белгіленген үлгіде Алматы қаласы бойынша Салық органдары және Алматы қаласы Қазынашылық департаментінен салық және өзге де міндетті төлемдер түсімдерінің сомасы туралы есептіліктер алуға;
      3) Алматы қаласының әкіміне мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар құру, қайта құру және тарату жөнінде ұсыныс енгізуге;
      4) кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан қажетті қаржылық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ, коммуналдық меншікті пайдалану мәселелеріне байланысты ақпараттарды сұрауға және алуға;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген тәртіпте коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы шешім енгізуге;
      6) Алматы қаласының әкімі анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша біріңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті ақпаратты, сонымен қатар мемлекеттік сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің жылдық жоспары туралы, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшклігі, жобалық-сметалық құжаттама, мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар жобасы, тартылған сарапшылар немесе сараптасу комиссиясы, сондай-ақ басқа да қасымша ақпаратты сұрау;
      7) Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56 бабымен белгіленген тәртіпте талаппен сотқа өтініш беру;
      8) әрекет ететін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтық және міндеттерді жүзеге асыруға.

3. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      17. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін басқаруды "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болатын басшы арқылы жүзеге асырылады.
      18. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен лаузымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
      19. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
      20. Басшының уәкілеттігі:
      1) "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз қызметтерін жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады;
      2) өз орынбасарларының және "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастықтарының міндеттемелері мен уәкілеттіктерін белгілейді;
      3) "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдауға жеке жауапкершілікте болады;
      4) "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
      5) Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тәртіптік жазалар қолданады;
      6) өз уәкілеттіктері шегінде бұйрықтар шығарады;
      7) "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені бекітеді;
      8) Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда қорғайды;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысының уәкілеттіктерін орындау, ол орнында болмаған кезде, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның міндетін атқаратын тұлғамен жүзеге асырылады.
      21. Басшы өз орынбасарларының уәкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайда оралымды басқару құқығындағы оқшауланған мүлікі болады.
      "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген, сондай-ақ, (ақша кірістерін қосқанда) өз қызметінің нәтижесінде және Қазақстан Республикасының заңнамаларымен тыйым салынбаған өзге де көздерден сатып алынған мүлік есебінен құрылады.
      23. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзге де тәсілмен оған билік етуге құқығы жоқ.

5. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесін
қайта құру және тарату

      25. "Алматы қаласы Қаржы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады